Грекияда медицина саласының қызметкерлері еңбек шарттарының нашарлығына, үкіметтің аталған саладағы жүйесіне наразылық білдіріп ереуілге шықты. Олар бұл ереуілді «үнсіздік арқылы наразылық білдіру» акциясы ретінде өткізуде. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Ел орталығы Афинада ереуілшілердің үкіметке деген наразылық шарасы 4 сағатқа созылды. Дәрігерлер мен аталған саланың өзге қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдына жиналып, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы және еңбек шарттары туралы талаптарын жеткізді. Наразы топ елдің өзге қалаларында да наразылық шаралары толық күнге ұласатынын айтты.
ЕО-ның Грекия экономикасын қолдау бағдарламалары шекті деңгейде, елдегі ұзақ жылға созылған экономикалық дағдарыс әлі өз деңгейін сақтап тұр. Бір ғана медицина саласында ғана емес, тұтас Грекия экономикасы бұрынғы дағдарыс күйінен әлі ес жия алмай келеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні