Түркияның Сүрия жеріне қарулы күштерін кіргізуіне әртүрлі пікірлерге, қарсылықтарға ұшырап жатқанымен, сол елдегі ақпарат көздері өздері «Зәйтүн ағашы операциясы» деп атаған осы бір әскери қадамды қолдаған елдер туралы сөз етуде. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты жазды.

Аталған агенттіктің хабарына қарағанда, Әлем мұсылмандар бірлестігі түрік армиясының әрекетіне қолдау білдіріп, «ислам әлемінің бірден бір үміті болған Түркияға сыртқы күштердің жасаған қастандық ойынын бұзу операциясын қолдаймыз» дегенін айтады. Бұған қоса, түрік ақпарат көздері Голландия Сыртқы істер министрлігінің Анкара террорлық ұйым деп тапқан YPG-ді айыптап, «жазықсыз деуден аулақпыз» деген бағасын алға тартады.

Режеп Тайып Ердоған мен Доланьд Трамп телефонда сөйлесті. Фото: Анадолы.

Кеше кешкі хабарларында, Түркия президенті Режеп Тайып Ердроған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін, сөйлесу барысында Сүрияның солтүстігіндегі күрд қарулы күштеріне әскери қару-жарақпен қолдау көрсетуін тоқтату туралы талап қойғанын хабарлады. Дегенмен, бұл туралы АҚШ тарабының ресми мәлімдемесін кездестіре алмадық.

Пентагонның өкілі Хеатер Науерт болса НАТО-ның екі бірдей одақтасын ұйымнан алыстатқаны үшін Ресейді айыптаған. Ол және сөзінде Анкара билігінің елге жақын террорлық күштерден және YPG қарулы күштеріне қаратқан алаңдаушылығына түсіністікпен қарайтынын айтқан.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Анкара  бөлшектеуші террорлық ұйым деп айыптайтын PKK-нің Сүриядағы бөлімі PYD-YPG күштерінің АҚШ-қа мәлімдеме жолдап, ДАИШ-қа қарсы күресті тоқтатып, Афринға көмек көрсететінін мәлімдеген. Алайда, АҚШ жағы оларға бұл қадамдары Құрама Штаттың қолдауынан айыратынын ескерткен.

“The Qazaq Times”