АҚШ президентінің экс-баспасөз хатшысы Мадлен Олбрайт мұсылман деп «жазылуға» дайын екендігін жеткізді. Ол Трамптың мигранттарға қатысты қатал жарлығы елдегі ынтымақтастықты бұзады деп отыр.
Сәрсенбі күні Доналд Трамп АҚШ-Мексика шекарасына қорған тұрғызу туралы құжаттарға қол қойды. Сонымен қатар, заңсыз мигранттар мен сырттан келетін қылмыскерлермен күресу керек дегенді алға тартып, талапты күшейткен болатын. Оған қоса, президент мұсылман босқындарына қарсы жарлыққа қол қойған.

Мадлен Олбрайттың twitter парақшасынан
«Бостандық» ескерткішінде майда қаріптер жоқ. Америка кез келген адам үшін (тіліне, дініне, діліне, нәсіліне қарамастан) ашық ел болуы керек», – дейді Олбрайт өзінің Twitter парақшасында. Оның айтып отырған Нью-Йорктегі «Бостандық» ескерткіші ұзақ жылдар бойы АҚШ-қа кіретін басты иммиграциялық пункт болып келген.

Мадлен Олбрайттың twitter парақшасынан
«Мен католигтік отбасыда дүниеге келдім, сосын Епископ болдым (шіркеуде), кейін отбасымның еврейліктер екенін білдім. Ал қазір мен ынтымақтастықты сақтап қалу үшін мұсылман ретінде «тіркелуге» дайынмын», – деп 70 жастағы мемлекеттің экс-баспасөз хатшысы өзінің жазбасын аяқтады.
Мадлен Олбрайт – Билл Клинтонның билік кезінде 1997-2001 жылдар аралығында мемлекет баспасөз хатшысы болған. Ол АҚШ-та аталмыш лауазымға қол жеткізген бірінші әйел болатын.
"The Qazaq Times"


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі