Жетім балаларды асырап алған тұлғалар табыс салығынан босатылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
"Жетім баланы асырап алғандар жыл сайын табыс салығынан босатылады. Бұл шамамен жылына екі миллионнан астам теңгені құрайды. Яғни мұндай сомадағы салық болмайды", - деді ол жаңадан күшіне енген Салық кодексін түсіндіру кезінде.
Баяндама бойынша, салықтан босатылатын нақты сома 2,1 млн теңгені құрайды. Қазақстанда жеке табыс салығы салық көлемінің 10 пайызын құрайды. Осылайша асыраушы ата-ана жылына 210 мың теңге салықты төлемейді.
Дәленовтың сөзінше, ата-ананың біреуі бала 16 жасқа толғанша жыл сайын бұл салықты төлеуден босатылмақ. Бұл Қазақстанда бала асырап алған барлық ата-аналарға қатысты норма.
"Ал егер баланы асырап алған ата-ананың біреуі мүгедек болып қалған жағдайда оларға жер салығы, тіркеу және баж салығы бойынша жеңілдіктер беріледі", - деді ол.