Қазақстан халқының саны 2017 жылдың 1 желтоқсанында жасалған статистикалық мәліметтер бойынша, 18, 32 миллион адамға жетті.
Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы ел халқының саны 18 миллион 137,3 мың адамға жеткен. Оның 57,4 пайызы (10 миллион 413,2 мыңы) қалада, 42,6 пайызы (7 миллион 724,1 мыңы) ауылды жерде тұрады. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы Қазақстан халқының саны 231,3 мың адамға (1,3%) өскен.
2017 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығанда ел бойынша жасқа толмаған 2896 сәби шетінеген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,9 пайызға азайған. Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1000 сәбиге шаққанда 8,05% болған.
Көші-қон органдарының мәліметі бойынша, 2017 жылы елге келген мигранттар саны 2016 жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға өсіп, 14 мың 528 адамды құраған. Ал Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 30 мың 138 адамды құраған.