Сүриядағы күрд әскери топтары бұдан былай АҚШ бастаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресуші коалицияға кірмейді. Бұл туралы Американың әскери қимылдарына жауапты тұлғалар мәлімдеді. Аталған шешім Түркия АҚШ-тың Сүрияның шекаралық аймақтарындағы әскерлер санын 30 мыңға дейін жеткізу туралы мәлімдемесі мен күрд топтарымен тізе қосып, тығыз әріптестікте болуына қарсылық білдіргеннен кейін қабылданып отыр.
Осы хабарламасы арқылы АҚШ Түркия шекара асып, күрд адамдарын қорғау одағы (YPG) деп аталатын әскери топтардың көзін жоюға байланысты қимылдарға барса, оларды қорғауға күш салып, Анкараның жолына тосқауыл болмайтынын білдірді. Осыдан алдын Түркия мен оның батыстық серіктестері Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы болғаны үшін "террористік топ" деп таныған YPG ұйымына әскери интервенция бағыттауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Осыдан бұрын АҚШ Күрд әскери топтарының Сүриядағы террористік топтарға қарсы күреске қосқан үлесін ерекше бағалап, оларға әскери техника, қару-жарақ беру арқылы қолдау көрсетіп келген еді. Енді Пентагонның баспасөз хатшысы Әл-Жазира ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында YPG күштері орналасқан Африн аймағында АҚШ бастаған әскери коалицияның жоқ екендігін, Американың "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресі Ефрат өзенінің жағалауында жүріп жатқанын мәлімдеді.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?