Үндістан өз азаматтарының Мекке қаласына қажылық сапарға баруы үшін берілетін мемлекеттік субсидияны тоқтатады. Үндістанның азшылық топтардың мәселелері жөніндегі министрі Мұхтар Аббас Нахви қажылық сапарын қолдауға жұмсалып келген қаржы енді азшылық топтардан шыққан әйелдердің білім алуын қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Бұл шешім 2012 жылы Үндістанның Жоғарғы Сотының ел Үкіметіне мұсылмандарға қажылық сапар үшін берілетін субсидияларды жыл сайын қысқартып, 2022 жылға қарай мүлде тоқтату туралы тапсырмасына негізделген. Осы жарлыққа сәйкес, Меккеге сапары үшін 2013 жылы 100 млн $ бөлінсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 75 млн $ дейін қысқарған.
Үндістан кедей мұсылмандардың қажылық міндетін атқаруы үшін 1954 жылдан бері мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Бұл бағдарлама аясында мұсылмандарға әуе билеттерін алуға жеңілдіктер беріледі. Сарапшы Файзан Мұстафаның айтуынша, субсидиялардың негізгі бөлігі Air India компаниясы кірісінің айтарлықтай бөлігін құрап келген.
Ресми деректерге сәйкес, биыл Үндістаннан 175 мың мұсылман қажылыққа барады. Субсидиялау бағдарламасы кедей мұсылмандардың қажылыққа баруына мүмкіндік беру мақсатында ашылған. Дегенмен соңғы кездері Үндістанның биліктегі Ұлттық партиясы субсидияға қарсылық білдіріп келген еді.