FIFA шенеунігі Германиядан ақша алғанын мойындады – деп хабарлайды Deutsche Welle ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, FIFA экс-вице-президенті Мохаммед Бен Хаммам 2006 жылы Германияда әлем чемпионатын өткізу үшін пара алған. Ол өзінің пара алғандығы жөнінде қаңтар айының 14-і күні ZDF телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Онда ол: « 6,7 миллион еуро шыныменде менің есеп шотыма келіп түсті. Бірақ аталмыш сома маған Германия әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болғаннан кейін барып аударылды. Сонда маған пара берудің қандай қажеттілігі болды» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде «Мохаммед Бен Хаммамның жеке шотына 6,7 миллион еуро ақша 2002 жылы аударылған және оған әйгілі германиялық футболшы Франц Бекенбауердың қатысы бар» деген ақпарат тараған болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр