«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Қазақстан мен Өзбекстан балаларын Ирак Республикасының лауазымды қызметтегі шенеунігі сатуы мүмкін.
Al-Sumaria телеарнасының мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты Ирак еңбек және әлеуметтік қызмет министрлігі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан балаларын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Найнава провинциясында жұмыс істейтін лауазымды қызметкер сатқан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айында Сүрия мен Ирак аумағында болған қазақстандық балалардың елге қайтарылғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын. Кейіннен Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасына Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтарын Сүрия мен Ирак аумағынан Шешенстан арнайы қызмет сарбаздары алып шыққанын жайында жазған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?