Жергілікті биліктің хабарына қарағанда, бір жанкешті Ауғанстан орталық қаласы Кабулдағы шиттердің мұсылман мәдениет орталығында жарылыс жасап, 41 адам қаза тапқан. Оқиғадан кейін «Ислам мемлекеті» ұйымы мәлімдеме жасап, террорлық шабуылдың жауапкершілігін үстіне алды. Бұл туралы танымал басылым «WSJ» хабарлайды.
Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке негізделгенде, жанкешті Кабулдың оңтүстік-батысындағы Талибандардың мәдени орталығын нысанаға алған. Сол уақытта аталған орында Кеңес одағының Ауғанстанға кіруінің 38 жылдығына орай жиналыс болып жатқан. Үлкен жарылыстан кейін де екі рет қуаты шағын жарылыс болған.
Ауғанстанның негізгі бүлікшіл күші Талибан қайтарма шабуылға араласпаған. Соңғы бірнеше айдан бері Ауғанстан жерінде жергілікті Талибан содырлары мен «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы арасында қақтығыстар жиі туылуда. Екі қарулы топ, елдегі ықпал көлемін кеңейту үшін қақтығысып келеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі