Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Мен премьер-министр болып тұрғанымда елде не болып жатқанын жақсы білдім. Бірақ менің маңайымдағы адамдар дұрыс болмады» – деп мәлімдеді.
Бүгін Ташкент қаласында видео-селекторлық кездесу өткізген Шавкат Мирзиеев елге инвестиция тартудағы қиындықтар жайында әңгіме қозғады. Ол онда: «Маған кейде айтады. "Сен премьер-министр болып тұрғанда елде не болып жатқанын білмедің" - деп. Мен барлығын жақсы білдім. Бірақ менің маңайымдағы адамдар дұрыс болмады. Кейбіреулерге ұнамаса да мен қазір бұл жайында ашық айтамын. Біреулердің балалары Өзбекстан инвестиция қорын бүлдіру үшін барлығын жасады. Жемқорлық инвестициялық жобаларды толықтай жайлаған. Кейбір инвестициялық жобалдардың 50 пайыз қаржысы жемқорлардың қалтасына кетеді» - деді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?