Оңтүстік Кореяның қорғаныс тараулары жариялаған мәліметке қарағанда, бейсенбі күні таңертең Солтүстік Кореяның бір шекара қорғаушы әскері екі ел ортасындағы демилитаризацияланған аймаққа баса көктеп кірген. Шекараны заңсыз кескен КХДР әскері Оңтүстік Корея шекарашылары жағынан тұтқындалған. Бұл шекара тәртібінің Солтүстік Корея тарабынан осы жылдың ішінде 4-ші рет бұзылуы. Бұл туралы «WSJ» басылымы жазды.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі шекарадан заңсыз өткен солтүстік кореялықтың қатардағы жауынгер екенін, әскери лауазымы мен шенінің жоқ екені айтты. Дегенмен оның аты-жөні және басқа мәліметтерді жариялаудан бас тартқан. Оның айтуынша, аталған Солтүстік Корея жауынгері бейсенбі күні сағат 8 шамасында елдің солтүстік-батысындағы шекараны бұзған. Қазір әскердің денсаулығы тексеріліп, тергеуге алынуда.
Спикер шекара бұзу әрекетінің дәл орынын ашып айтпады, бірақ, Солтүстік Корея әскері біріккен қауіпсіздік аймақ арқылы Оңтүстік Кореяға заңсыз кіргенін алға тартты. Біріккен қауіпсіздік аймағы – екі ел қарулы күштерінің жақын тұрып шекара күзететін аймағы. Өткен айда Солтүстік Кореяның бірнеше солдаты аталған шекара арасында оқ атқан еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі