Түркия ақпарат құралдары «DHKP-C» деп аталатын ұйымды Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға «қастандық жасамақ болды» деп айыптады. Аталған ұйымды террорлық ұйым деп жариялаған түркиялық БАҚ, 9 террористің Грекияда ұсталғанын хабарлауда. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты «To Vima» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Грекия полиция тараулары жариялаған мәліметті алға тартқан хабарда, аталған террорлық ұйым президенті Ердоғанға бірнеше рет шабуыл жасағаны айтылған. Хабарға қарағанда Грекия полиция тараулары жасаған операция кезінде ұйым мүшелері түрік елінің басшысына шабуыл жасау жоспарлары кезінде қолға түскен. Онда олардың гранат, зымыран және өзге қаруларды қолданбақ болғаны дәлелденген.
Шабуыл жоспарында Ердоғанға «Шаян» деген лақап ат қойған. Сонымен бірге Ердоғанның көлік керуеніне зымыранмен шабуыл жасайтыны көрсетілген. Полиция жақ Афинаның шығысындағы Парнитха тауына жасырылған зымырандар мен өзге қару-жарақ, оқ-дәрілерді іздестіріп жатқанын мәлімдеді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді