Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнның үш күндік Қытай сапары кеше, 13 желтоқсан күні басталды. Оңтүстік Корея президентінің бұл сапары Қытаймен болған екіжақты қатынастарды реттеуге бағытталған. Ол Қытай орталық қаласы Бейжіңге барғаннан кейін Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ үш ел Солтүстік Корея қайшылығын келіссөз арқылы шешудің жолдарын қарастыратынын мәлімдеді. Бұл труалы «WSJ» басылымы хабарлады.

Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн (Moon Jae-in) Қытайдағы ресми сапарын бастаудан бірнеше сағат бұрын, Уашингтон тарабы өзінің Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлады. АҚШ-тың КХДР-ға қаратқан позициясын жұмсартуы Солтүстік Корея көршілес елдердің қайшылықты шешуге күш біріктіруге ынталандырды.

Осыдан бұрын Қытай Оңтүстік Кореяның ел ішіне орналастырмақ болған АҚШ-тың зымыран қорғаныс жүйесіне қарсы реакция білдіріп, нәтижесінде Қытай мен Оңтүстік Корея арасында Корей түбегі мәселесінде пікір қайшылығы туған болатын. Бұл Солтүстік Кореяның ядролық мүмкіндіктері мен баллистикалық зымыран технологиясын дамыту жөніндегі күш-жігерінде аймақтағы елдердің ұқсамаған көзқарасын қалыптастырды.

Қазан айында Қытай мен Оңтүстік Корея басшылары мамыр айында билікке келген Оңтүстік Корея президентінің Бейжің сапарына жол ашып, екі ел арасындағы келіспеушілікті қалыпқа түсіруге тырысқан еді. Қытай басшысының ұсынысымен сапарлай барған Мүн Жайн Ши Жинпиңмен үшінші рет кездесіп отыр.

Қытай СІМ-і жасаған мәлімдемеде Қытай мен Оңтүстік Корея диалог пен консультациялар арқылы Корей түбегінің ядролық қарусыздануын жүзеге асыруда ортақ мүдделер мен ұстанымдарға жетуге тырысқаны айтылды.

Қытай мен Оңтүстік Корея үкіметтерінің консультацияларға жол ашуы, АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореяға қаратқан позициясының жақсаруы Корей түбегі қайшылығында жаңа әрі оңды бетбұрыс деп қарауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта, Солтүстік Корея келіссөз үстеліне келе қоймаса да, кемінде тараптардың ұстанымдары бір қалыпқа түсіп, шиеленістің біршама жеңілдей түсуінен үміт зор.

“The Qazaq Times”