Қытай басшысы Ши Жинпиңнің шақыруымен, 13-16 желтоқсан күндері Оңтүстік Кореяның президенті Мүн Жайн Бейжіңге сапарлай барады. Бұл екі елдің сыртқы саясатында, дипломатиялық қатынасында, әсіресе Корей түбегі қайшылығында ерекше маңызды бар ресми сапар болады деп күтілуде. Бұл туралы сол елдің ресми ақпарат агенттігі «Шинхуаның» сайтында хабарланды.
Қытай СІМ мәлімдемешісі Лу Каңның айтуынша, Қытай жақ Корея президентін күтіп алу дайындығын аяқтап, кездесу күн тәртібін орналастырып болған. Ол және Қытай басшысы бұл реткі күтіп алуға айрықша көңіл болып отырғанын да жеткізді.
Солтүстік Кореяның зымыран сынағы көбейген сайын, ядролық соғыс қауіпі артып, Корей түбегі қайшылығы шиеленісе түсті. Солтүстік Кореядан келетін зымыран қаупінен алаңдаған Оңтүстік Корея жақ АҚШ-тың әуе қорғаныс құрылғысын Корей түбегіне орнату шешімін шығарған. Бұл Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа салқынын тигізіп, екі ел арасында жасасқан бірқатар келісімдердің бұзылған еді. Алдағы президент Мүн Жайннің сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта реттеуде маңызы зор.