Ұлыбритания үкіметі мен Еуроодақ бейсенбі күні кеште Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы мәселесін талқылауда тың серпіліс танытты. ЕО өкілдерінің берген мәліметіне қарағанда Ұлыбритания премьер-министрі бүгін келіссөз үстеліне келмек. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Осы апта Британия мен ЕО арасында келесі аптада болатын келіссөздің жаңа кезеңінің дайындық отырыстарын өткізуде. Бұл отырыстар арқылы алдағы келіссөз отырыстарының салмағын жеңілдетіп, екі жаққа да шешім жасаудың жеңілдігін қалдырмақ. ЕО өкілдерінің айтуынша осы аптадағы бірнеше кездесу Брексит келіссөздерінде тың серпіліс әкелген.
Екі тарап үшін де ең күрделі мәселе Ирландия шекарасындағы қатаң шекаралық бөгеуді қалай болдырмау ісі болып отыр. Бұл мәселе бойынша Ұлыбританияның Демократиялық партиясы Британия үкіметі мен Еуроодақ арасындағы дүйсенбі күнгі келісімге разы болмай отыр. Тереза Мэйдің Консервативтік партиясы болса қарсы партияның наразылығын болдырмау үшін Солтүстік Ирландия парламентінің қолдауына мұқтаж. Бұл мәселе төңірегінде екі үкіметтің басшылары телефонда да сөйлескен.
Бүгін Тереза Мэй Брюссельге келіп, екі тарап арасындағы ең күрделі тақырыптар туралы кеңес өткізеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді