Еуропалық одақ елдерінің қаржы министрлері салық есебі бойынша байланыста болғысы келмейтін елдердің тізімін жасады. Аталған тізімге әлемнің 17 елі кіріп отыр және олардың көпшілігі офшорлы аймақтағы елдер, деп хабарлайды Росбалт.
Жарияланған "қара тізімге" енген елдер мыналар: Америка Самоасы, Бахрейн, Барбадос, Гренада, Гуам, Макао, Маршал аралдары, Моңғолия, Намибия, Біріккен Араб Әмірліктері, Палау, Панама, Сент-Люсия, Самоа, Тринидад және Тобаго, Тунис пен Оңтүстік Корея.
Бұдан бөлек, салық ережелері ЕО стандарттарына сәйкес келмейтін 47 елдің де «сұр тізімі» жарияланды, бірақ бұл тізім жақын арада қайта қаралуы мүмкін.
"Еуропа шындығы" басылымының мәліметінше, Panama Papers атты офшорлы құжаттар жарияланғаннан кейін Еуропалық одақ бірыңғай "қара тізім" құру туралы шешім шығарған. Ал ЕО-ға мүше әр елдің қазіргі кезде салық мәселелеріне әлсін-әлсін келісім беретін өз юрисдикциялары бар.
Айта кетейік, 2015 жылы жарияланған Panama Papers офшорлы құжаттарында қазақстандық саяси тұлғалардың аты аталған болатын.