Жүйелерді автоматтандыру және роботтандыру алдағы он жыл ішінде басты тенденцияға айналады, деп хабарлайды lenta.ru McKinsey консалтингті компаниясының баяндамасына сілтеме жасап.
Ал осындай технологиялық өзгерістерден кейін жаһандық еңбек нарығында 375 млн жұмыс орны жоғалуы мүмкін. Тіпті баяндамада қазіргі кезде бар мамандықтың 30 пайызының қызметі автоматтандырылатыны айтылған. Қазіргі кезде дамыған елдер АҚШ пен Германияда автоматтандыру мүмкіндігі 24-23 пайызды құрайды, ал Қытайда бұл көрсеткіш - 16 пайыз.
Осы жылдың қыркүйек айында Citigroup компаниясының бас директоры Викрам Пандит роботтандыру арқылы алдағы 5 жылда әлемдік банк секторлары жұмыс орындарының 30 пайызын қысқартатынын мәлімдеген. Мысалы АҚШ-та 770 мың, Еуропада шамамен миллионға жуық қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың маусым айында экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридес роботтандыру және автматтандыру ХХІ ғасыр экономикасы үшін төнген үлкен қауіп болатынын айтқан.