Қырғызстан Қазақстанға байланысты Дүниежүзі сауда ұйымына жіберген шағымын қайтарып алмақ.

Желтоқсан айының 5-сі күні Бішкек қаласында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш жағдайға байланысты Қырғызстан вице-премьер-министрі Толқынбек Абдығұлов журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Біз Қазақстанға байланысты Дүниежүзі сауда ұйымына жіберген шағымымызды қайтарып аламыз. Ең бастысы біз болған жағдайды ДСҰ-ға жеткіздік» - деген.

Естеріңізге салайық, 10 қараша күні Қырғызстан Дүниежүзі сауда ұйымында Қазақстан тарапын «шекараны негізсіз жауып тастады» деп айыптап, шағым түсірген. Кейіннен ұйымға мүше Жапония, Молдова, Оңтүстік Корея елдері аталмыш жағдайды екі жақтық келіссөз арқылы шешу керектігін айтқан болатын.

“The Qazaq Times”