Ресейдің Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың барлық мемлекеттердің Солтүстік Кореямен байланысын үзу туралы талабын қабылдамады. Ресейдің өкілі Пиоңяңның соңғы өткізген баллистикалық зымыран сынағынан кейін Американың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейлидің Солтүстік Кореяға қысымды күшейту туралы ескертуіне жауап берді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Минскіде журналистерге берген сұхбаты кезінде Сергей Лавров: "Біз бұл ұсынысты негативті қабылдадық" деп жауап берді. Осыған дейін ресейлік бас дипломат Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы арасындағы сөз соғысын "кішкентай балалардың ойынына" балаған болатын.
Солтүстік Корея өзінің ең ірі баллистикалық зымыран сынағын өткізгеннен кейін, АҚШ Пиоңяңға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы Қытайдың әріптестігіне арқа сүйейтінін хабарлады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?