Католик әлемнің рухани көсемі Рим папасы Франциск Мьянмаға сапарлай барып, сол елдің басшыларымен кездесті. Ол Мьянма басшысы Аун Сан Су Чимен кездесу кезінде рохинджа мұсылмандарының қырғыншылығын айыптады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Папа Франциск Мьянма үкімет басшыларымен болған Янго қаласындағы кездесу кезінде: «Ел халқы азаматтық қақтығыстар мен зұлымдықтардан зардап шегуде. Мьянманы өзінің баспанасына балаған баршаның негізгі құқықтарына кепілдік ету керек», – деді. Ол Аракандағы мұсылмандардың этникалық атауы рохинджаны сөзіне кірістіре отырып: «Әрбір этникалық топтардың бір-бірінің құқығына құрмет етуі – Мьянманың бейбіт болашағының негізгі кепілі», – деді.
Рим папасы Мьянма басшыларымен кездесуден бұрын да христиан, мұсылман, буддист, иудей дін өкілдерімен кездесуде болған. Мьянма сапарының бүгінгі (29 қараша сәрсенбі) күн тәртібінде ондағы дін өкілдерімен топтық діни жиналыс өткізеді. Бейсенбі күні Бангладешке сапарлай барады.
Айта кетейік, Ұлыбританияның Оксфорд қалалық кеңесі 20 жыл бұрын Аун Сан Су Чиге берген «Қаланың Еркіндік» медалін қайтарып алды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес