27 қараша дүйсенбі күні АҚШ үкіметі мәлімдеме жариялап, кейбір «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы күресетін қарулы топтарға қолдау көрсетуді тоқтатқанын мәлімдеді. Ақ үйдің өкілі Сандерс мәлімдемеде Құрама Штат Сүрия мен Ирактағы «Ислам мемлекетіне» қарсы күресіп жатқан топтарға жасалатын көмекті қысқартуды жоспарлап отырғанын айтты. Дегенмен ол «бұл Уашингтон осы ұйымға қарсы күрестегі барлық көмекті тоқтататады» деген сөз емес екенін атап айтты. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлады.
Ақ үй өкілі сөзінде АҚШ-тың аталған көмекті қысқарту себебі «Ислам мемлекеті» ұйымының ықпал көлемінің азайғандығынан деп түсіндірді. Сандерс сөзінде: «Біз белгілі бір топтарға әскери техникада көмек беруді тоқтата алатын кезеңге жеттік, бірақ бұл жекелеген топтарға қолдаудың толық тоқтатылуын білдірмейді», – деді.
Осыдан бұрын Түркия ақпарат құралдары Ердоған мен Трамптың телефонда сөйлескенін, онда АҚШ-тың Сүриядағы топтарға қару-жарақ беруін тоқтатылатынын хабарлап еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр