АҚШ Қорғаныс тараулары таратқан мәліметке қарағанда, АҚШ пен Оңтүстік Корея келесі айда Корей түбегіндегі бірлескен әскери оқу-жаттығуын өткізбек, жаттығуға екі елден жүзден аса соғыс ұшақтары қатысады. Бұл Солтүстік Кореяны райынан қайтаруға бағытталған жаңа әскери демонстрация саналады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
АҚШ Әскери әуе күштерінің мәлімдемешісі Мичел Клоффлер-Хуард жұма күні жасаған мәлімдемесінде: «Әскери жаттығу 4-8 желтоқсан аралығында өтеді. Жаттығуға АҚШ Әуе күштері, Теңіз армиясының құрлық қосыны, Теңіз әскери күштерінен жалпы 12 мың жауынгер, оған қоса АҚШ пен Оңтүстік Кореяның 230 ұшағы қатысады», –деді.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бұл реткі әскери қадамы түбек жағдайы үшін тым салмақты. Жаттығуға қатысатын соғыс ұшақтары мен соғыс кемелері де екі елдің тұтас армиясына өкілдік ете алады. F-22 және F-35 соғыс ұшақтарының өзі стратегиялық тұрғыда Солтүстік Кореяны алаңдатпай қоймайды. Осыған дейін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жаттығуын тоқтату арқылы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатып келіссөзге келтіру туралы көп елдің күткен үміті селге кетті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі