Шешенстан президенті Рамзан Кадыров қызметінен кетуге дайын екендігін айтты.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров «Россия-1» арнасына берген сұхбатында: «Сіз қызметіңізден кетуге дайынсыз ба?» - деген сұраққа: «Мен бұл қызметтен кетуді армандаймын. Аймақтың, Республиканың басшысы болу өте қиын. Себебі халық алдында, Алла алдында барлығына жауапты боласың. Өз кезінде мен сияқты адамдар соғысуға, елде тәртіп орнатуға керек болды. Қазір елде тәртіп бар. Бізді Ресей азаматы ретінде барлығы мойындайды. Оның үстіне Шешенстанға да өзгеріс керек. Менің биліктен кететін уақытым келді» - деген.

Естеріңізге салайық, Рамзан Кадыров 2007 жылдан бері Шешенстанды басқарып келеді. Оның билік басында отырғанына биыл 10 жыл болады.

“The Qazaq Times”