Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа саулық тілеп, ол туралы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Викиликсте АҚШ елшісі Янгтың түрік дәрігерлерінің Атамбаевтың психикалық тұрғыда ауыратыны және оның алкогольге деген құмарлығы бар екені жайлы хабарламасы жарияланды. Енді барлығы түсінікті болды! Оның тек сауығып кетуін тілейміз". - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігін сынаған сөздерін " Алмазбек Атамбаевтың кезекті лас шабуылға толы долданған сөзі екі елдің татулығына зиян келтіреді", деп айтқан.

“The Qazaq Times”