Аустралия АҚШ Президенті Дональд Трамптың тұсында Американың Азиядағы ықпалы төмендеп келе жатқанын айтып, ескерту жасады. АҚШ-тың одақтастары Қытайдың сыртқы саясаты күшеюіне орай, АҚШ-тың қазіргі басшысының көп мәселеге араласпай, оқшаулану саясатын ұстанатынына наразы екенін жариялаған Аустралияның Сыртқы саясаты туралы Ақ кітап деп аталатын баяндама араға 13 жыл салып, жарық көріп отыр. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
136 беттен тұратын құжатта "АҚШ Аустралияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихында өңірдегі басымдыққа ие мемлекет болатын. Қазір Қытай Американың позициясына бәсекелес болып отыр" делінген. Қытай Аустралияның бұл мәлімдемесін объективті деп бағалағанымен, Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты ескертпелерін жаратпады.
Қытай - Аустралияның алдыңғы қатарлы сауда әріптестерінің бірі. АҚШ-пен тарихи байланыстары әуелден құрылған Аустралия оның Таяу шығыстағы бірқатар әскери операцияларына көмек қолын жіберген кезі де болған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді