Сәрсенбі күні Солтүстік Корея қатарынан екі бірдей мәлімдеме жасап, АҚШ-қа күшті қарсыластық көзқарасын танытты. Екі күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қаратқан жаңа ұстанымын жария етіп, Солтүстік Кореяны террористік ел ретінде жаңа санкция енгізді. Кеше жасаған Солтүстік Кореяның мәлімдемесінде, бұл шешім Құрама Штаттың шиеленісті дипломатиялық жолмен шешу позицияны бұзатын орынсыз және арандатушылық әрекет деп айыптады, әрі «соғыс жариялау» деп бағалады Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлады.
Мәлімдеменің бірін Солтүстік Кореяның Сыртқы істерге жауапты комитеті жариялады. Онда да Солтүстік Кореяның өткір риторикасына толы болғанымен, кем дегенде Солтүстік Корея ұстанымдарынан алып қарағанда, кейбір аспектілерде ұстамдылық танытқан. Бұл мәлімдемеде АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяны лаңкестік ел ретінде қабылдағаны туралы сын-ескерту айтылмады және Құрама Штаттарға қарсы қандай да бір нақты іс-қимыл жасауға туралы баяндалмаған.
Онда тек: «Солтүстік Кореяны лаңкестік ел ретінде қабылдау күлкілі шешім, әрі әлем бейбітшілігінің шырқын бұзу. Солтүстік Кореяның лаңкестермен еш байланысы жоқ. Сондай-ақ, Құрама Штаттар Солтүстік Кореяға террорлық шляпалар кигізгенінен алаңдамайды», – делінген. АҚШ лауазымдыларының сөзіне қарағанда, бұл негізінен символикалық практика ретінде КХДР террористік ел ретінде қайта қарау. АҚШ Қазына департаменті сейсенбі күні Солтүстік Корея мен Қытайдың кейбір кәсіпорындарына қарсы санкцияларды жариялады, бұлар КХДР-ның осыған дейінгі халықаралық санкциялардан жалтаруына қарсы шаралар саналады.
Пиоңяң (Пхеньян) тарабының мәліметінде, Солтүстік Кореяны террорлық ел ретінде қабылдау, АҚШ пен КХДР арасындағы қайшылықты бейбіт шешу ұстанымына қайшы екенін, әрі Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасын тіпті де нығайтуға итермелейтінін ескерткен. Екі мәлімдемесінде де бұл қадамның Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын жалғастыратынын айтқан.