Оңтүстік Кореяның барлау агенттіктері Солтүстік Корея хакерлерінің АҚШ-тағы Pfizer Pharmaceuticals компаниясының компьютерлік жүйесіне шабуыл жасап, жаңа коронавирус вакцинасы туралы ақпаратты ұрламақшы болғанын мәлімдеді. Бұл туралы кеше, 16 ақпан күні оңтүстік кореялық «Йонхап» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарында хакерлік шабуыл нақты қашан болғаны және солтүстік кореялық хакерлер мақсатына жете алды ма, жоқ, бұл туралы толық мәлімет жоқ. Қазірше бұл мәселе туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Pfizer Pharmaceuticals компаниясы ресми мәлімдеме жасамаған.
Бұл Солтүстік Кореяның алғашқы хакерлік шабуылы емес және соңғысы да болмайтыны анық. Бұған дейін де Солтүстік Корея Батыс елдерінен коронавирус вакцинасына қатысты мәліметтерді ұрлады деп айыпталған еді. Солтүстік Корея осыған дейін елде коронавируспен бір де бір науқас тіркелмеді деп келген еді. Бірақ, шетелдік ақпарат құралдары жабық коммунистік режимдегі елде коронавирусқа қатысты мәліметтер жасырылып отыр деп санайды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді