Ресей Сүрия аумағында электромагниттік қаруын сынақтан өткізді – деп хабарлайды «Российская газета» басылымы.
Басылым мәліметінше, Ресей қарулы күштері қараша айының 21-і күні Сүрия аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы этектромагниттік қару қолданған. Аталмыш қару қарсыластың GPS және Wi-Fi-мен басқарылатын дрондарға қарсы пайдаланылған. Ресей әскері өз арсеналына болашақта енуі тиіс қаруды соғыс жағдайында сынау үшін Сүрия аумағын әдейі таңдаған. Электромагниттік қару салмағы 200 килограмға дейінгі дрондардың көзін жоюға қауқарлы.
Естеріңізге салайық, Ресей қарулы күштері 2015 жылдан бері Сүрия аумағында Башар Асадтың әскерімен бірге террорлық ұйымдарға қарсы соғыс жүргізуде.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды