Кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымының Сүрия мәселесі жөніндегі Арнайы уәкілі Стаффан де Мистурамен келіссөздер өткізді. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.
Кездесудің басты тақырыбы Астанада өтетін сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған Сүрия Араб Республикасы Үкіметі мен сүриялық қарулы оппозиция арасындағы халықаралық кездесуге қатысты болды.
С. Де Мистура сүриялық келіссөздерді Астанада өткізуге келісімін берген Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің атынан алғысын білдіріп, жаһандық ұйым Астана басқосуын өткізу бастамасын бірінші боп қолдағанын атап өтті.

Делегаттар. Фото: mfa.kz
Өз кезегінде Қ. Әбдірахманов Қазақстан БҰҰ-н Сүрия дағдарысына қатысты келіссөздерді ұйымдастыру үрдісінің басты қатысушы тарапы ретінде танитынын және Астанада өтетін кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздердің кезекті отырысын өткізуге оң әсерін тигізетінін білдірді.
Әңгіме барысында дипломаттар сонымен қатар Астана кездесуіне қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді де талқыға салып, сүриялық дағдарысты реттеуді көздеген белсенді іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі С. Де Мистураны еліміздің бейбітшіл бастамалары жайында және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмысының басымдықтарынан хабардар етті.
Сондай-ақ, дәл сол күні Қ. Әбдірахманов Астанада өтетін Сүриядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге қатысты түрлі мәселелерді талқылау мақсатымен Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасы делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді