АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны "терроризмді қаржыландырып отыр" деп айыптап, оны Американың Иран мен Сүрия бастаған "терроризммен байланысы бар мемлекеттер" деп аталатын қара тізімге қосты. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Солтүстік Кореямен келіссөздер жалғасатыны туралы мәлімдемелерінен бас тартқан жоқ. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Дональд Трамп өз сөзінде Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар режимін одан әрі күшейту туралы ұсыныс білдірсе, Американың мемлекеттік хатшысы әлі де дипломатияға иек артады. Президентпен ойы бір арнадан шықпаған Рекс Тиллерсон баспасөзге берген сұхбатында осыған дейінгі "Солтүстік Кореямен арадағы күрделі қарым-қатынастарды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен қалпына келтіреміз" деген ойынан танған жоқ.
Рекс Тиллерсон санкциялар Солтүстік Кореяның экономикасына айтарлықтай шығын келтіргенін атап өтті. Сондай-ақ хатшы Қытайдың КХДР-дағы жалғыз мұнай өңдеуші зауытына шикізат жіберуін доғармағанына қарамастан, жалпы экономикалық шектеулер легі нәтижелі болып, Пиоңяңға едәуір қысым көрсетілгенін жеткізді.
Дональд Трамптың мәлімдемесіне қатысты Солтүстік Корея тарапынан әлі жауап болған жоқ. Дегенмен АҚШ Президентінің "терроризмдің демеушісі" деген айыптауларына дейін Пиоңяңның мемлекеттік басылымы "Родоң Симон" Дональд Трампты "ақыл-есі кем ақша жымқырушы шенеунікке" балады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді