Қырғызстанда биыл 15 мамырда аналогты телетаратылым өшіріліп, республика толығымен цифрлік телерадиотаратылымға көшеді. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, цифрлік телерадиотаратылым халықтың 95 пайызын қамтып отыр. Цифрлік телевидениеге көшкен соң барлық аймақтардың тұрғындары әлеуметтік жинақтағы 13 телеарнаны көре алады. Телеарна тізімін үкімет бекіткен.

Хабарларға қарағанда, жекелеген шалғайдағы таулы елді-мекендерде автоматты телевизиялық ретранслятор орнатылып жатыр.

Республика цифрлік таратылымға 2016 жылдың маусымында көше бастады.

centralasian.org