Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді.
Нығматулин өзінің Атамбаевқа байланысты пікірінде: «Нұрсұлтан Әбішұлы осы уақытқа дейін Қырғызстан халқына көмектесіп келеді. Қырғыз халқы Қазақстан басшысын осы жақсылықтары үшін сыйлайды. Атамбаевтың популистік сөздері екі бауырлас елдің қарым-қатынасына кедергі жасай алмайды. Ал Атамбаевтың өзіне келетін болсақ, ол өзінің президенттік уақытында экономикада да, саясатта да ешқандай жетістікке жеткен жоқ. Ол соңғы уақыттарда жасаған мәлімдемелері арқылы өзінің мәдениетсіз екендігін көрсетті» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты сатиралық роман кейіпкеріне теңеген болатын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды