Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстанның Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап берді.
Ол онда осыған дейінгі өзінің ресми Астананы сынаған мәлімдемелеріне пікір білдірген Қазақстан Республикасының Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты Чехияның сатирик жазушысы Ярослав Гашектің «Похождения бравого солдата Швейка во время мировой войны» атты романының кейіпкеріне теңеді. Атамбаевтың сөзінше, Қазақстан Республикасының Сенат төрағасынан бастап, премьер-министріне дейін қожайынының айтқанына көніп, айдағанына жүретін орындаушылар ғана.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігіне қарата айтқан сөздерін "саясаткерге тән емес" деп өзінің Twitter парақшасында жазған болатын.