Түркия президенті Ресей мен Кувейт сапарын Катармен жалғастырды. Түркия президентін Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл Сани қарсы алды. Екі елдің басшылары оңаша кеңесуден кейін бірқатар жаңа келісімдерге қол қойды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі хабарлады.
Режеп Тайып Ердоған мен Шейх Тамим бин Хамад әл Санидың кездесуі кезінде Шығанақ елдері арасындағы қайшылықтары мен бірқатар халықаралық мәселелер ортаға салынды. Кеңестен кейін екіжақты келісімдер жасалды. Айталық, банк саласы, азық-түлік қауіпсіздігі, білім және ақпарат коммуникация, метерология, ақпарат қауіпсіздігі және ғылым саласында, гуманитарлы көмек мәселесінде жаңа келісімдер қол қойылды.
Жаңа ынтымақтастық орнату барысында «Түрік Теле-Радио» мен «Катар Медиа» ақпарат агенттіктері де жаңа ынтымақтастық жасасты. Оған қоса екі елге ортақ порт салу туралы да келісті.
Катар әмірлігінің басшыларымен кездесуден кейін Ердоған Катарда тұрып жатқан түрік жауынгерлерімен кездесті. Ердоғанның бұл сапарына 9 министр және бірқатар үкіметтің негізгі өкілдері де қатысты.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес