Кеше, Американың атақты The New York Times газеті оқырмандарының арасында "Қазақстанды картадан таба аласыз ба?" деген сауалнама жүргізген. Алайда, бір күн ішінде газет оқырмандарының 63 пайызы ғана елімізді Моңғолия, Иран және Непал мемлекеттері арасынан дұрыс тапқан.
Сонымен қатар, автор Қазақстанның географиялық жағдайы, халқы мен тарихына қатысты бірнеше сауалдарды ұсынып, қысқаша анықтама берген.