РФ президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевты Ресейге шақырды.
Қараша айының 8-і күні телефон арқылы сөйлесуде Владимир Путин Алмазбаек Атамбаевпен екі ел арасындағы қарым-қатынасты талқылап қана қоймай, Қырғызстан президентін Санкт-Петербургте өтетін халықаралық мәдениет форумына қатысуға шақырған. Санкт-Петербург қаласында өтетін мәдениет форумы қараша айының 17-сі күні өтеді деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, бүгін Владимир Путин Челябинск қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде.
Жалпы соңғы уақытта ресми Астана мен Бішкек арасындағы текетірестен кейін, шетелдік БАҚ өкілдерінің назары осы үш елге ауған. Батыс елдері қазақ-қырғыз қарым-қатынасындағы дауға Ресейдің осы уақытқа дейін ресми деңгейде не үшін араласпай отырғанын «бөліп алып билей бер» деген сөзбен түсіндіреді. Ал ресейлік БАҚ өкілдері бұл жағдайды Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дау Ресейге де, ЕАЭО-ға да қатысы жоқ деп бағалауда.


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
Сатираның аузына темір скотч. Сөз бостандығы шартты түрде бостандыққа шықты
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
«Қазақша сөйле!»: Курьер тұтынушыға дөрекілік танытпағанын айтты. Magnum’ның бойкот бастамасынан кейінгі мәлімдемесі
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар