Азия сапарында жүрген Құрама Штат президенті Дональд Трамп бүгін таңертең Оңтүстік Кореяның парламент мүшелерімен кездесті. Кездесу кезінде сөз сөйлеген АҚШ президенті Ким Жоу Унға (Ким Чен Ын) Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан келіп шығатын зардаптар туралы ескертті. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Трамп сөзінде Оңтүстік Кореяның табысты капиталистік экономикасын Солтүстік Кореямен салыстыра сөйледі. 1953 жылы Корей түбегі соғысы аяқталып, түбек екіге бөлінген кезде екі елдің экономикасының деңгейі бірдей болғанын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның экономикасы КХДР-дан бірнеше есеге қуатты екенін алға тартты. Ол тағы Ким Жоң Унды өздеріне де өзгеге де қатер алып келетін ядролық қаруды дамыту бағдарламасынан бас тартуға шақырды. КХДР басшысына қарата: «Қазіргі АҚШ үкіметі бұрынғыға ұқсамайды. Бізді төмен бағаламаңыз және елемей қалмаңыз», – деген ашық позициясын білдірді.
Трамп Солтүстік Кореяға қаратқан сөзінде: «Солтүстік Корея Ким Жоң Унның атасы (Солтүстік Кореяның негізін қалаушы Ким Ил Суңды/ Kim Il Sung-ды мегзеп отыр) елестеткен жұмақ емес, бірақ тозақ та емес. Ешкімде мұндай тозақ өмір сүруге тиісті емес», – деді. Трамп Құрама Штаттың жарқын болашаққа бастайтын жолды тағайындап беретінін, ол үшін Солтүстік Кореяның арандатушылықты тоқтатуы, зымыран және ядролық қаруды дамыту бағдарламаларынан толығымен бас тартып, мұқият ядросыздандыруды жүзеге асыруы керек екенін айтты.
АҚШ президентінің Оңтүстік Корея парламент мүшелері алдындағы сөйлеген сөзі 35 минутқа жалғасты. Бұл бас-аяғы 24 сағатқа жоспарланған Оңтүстік Корея сапарының маңызды әрі соңғы бөлімі еді. Осыдан кейін ол 10 күндік Азия сапарының үшінші бекеті – Қытай астанасы Бейжіңге аттанып кетті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі