Өзбекстан қырғыз тауарларын сатып алуға дайын – деп мәлімдеді Қырғызстан экономика министрі Артем Новиков.
Новиков журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайларға байланысты Қырғызстан өз өнімдерін сатудың басқа жолдарын қарастыруда. Бұған дейін Ташкент қаласында бірнеше құжаттарға қол қойылған болатын. Осыған байланысты Қырғызстан Өзбекстанға сүт өнімдерін, картоп, көмір және құрылыс тастарын сата алады. Жақын күндері Өзбекстанмен бизнес келіссөздерін жүргізетін боламыз. Сол кезде қырғызстандық кәсіпкерлер өздірінің өнімдерін сатуға мүмкіндік алатын болады» -деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Алмазбек Атамбаев ел үкіметіне қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайларға байланысты Қырғызстан өнімдерін өзге елдерге сатудың жолдарын қарастыруды және тез арада Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан бағытындағы темір жол жоспарын жасауды тапсырған болатын.