АҚШ Президенті Дональд Трамптың твиттер парақшасы  @realdonaldtrump 11 минутқа істен шығып, оқырмандар "Кешіріңіз! Бұл парақша жойылған" деген жазбаға тап болды.  Twitter компаниясы қазір болған жайтты толық зерттеп жатыр және мұндай олқылықтың қайта болмауын жіті қадағалайтындарын хабарлады. Бұл туралы ВВС ақпараттық қызметі жазды. 

41,7 млн оқырманы бар парақшаның қызметі небәрі 11 минутқа тоқтатылып, қайта қалпына келтірілген. Бұл жағдай АҚШ Президентінің жеке аккаунтының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қызу пікірталастарды тудырып үлгерді. Дегенмен Америка басшысының  ресми @POTUS парақшасы ешқандай шабуылға ұшырамаған.

Twitter компаниясы болған жағдай туралы: "Біздің алдын-ала болжамымыз бойынша, Дональд Трамптың аккаунтын Twitter-дің қызмет көрсету бөлімінің қызметкері өзінің соңғы жұмыс күнінде өшіріп тастаған. Ол біздің компаниямыздағы қызметі аяқталған күні осындай әрекетке барған. Қазір компания ішінде қосымша зерттеу жүргзіп жатырмыз", - деп мәлімдеме жасады.

Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіне 2009 жылы қосылған. Төменде осы уақытқа дейін 36 мың жазба  жариялаған АҚШ Президентінің ең көп талқылауға ұшыраған қайшылықты твиттерін ұсынамыз.

Фото: twitter.com

"Қазір ғана Солтүстік Кореяның Сыртқы Істер министрінің БҰҰ-да сөйлеген сөзін естідім. Егер ол кішкентай зымыран адамның ойларын жеткізген болса, олар ұзаққа бармайды!"

Фото: twitter.com

"Баяндамадан: Ұлыбританиядағы қылмыс деңгейі Радикалды Ислам терроризмінің аясында  жыл сайын 13 пайызға өседі. Бұл жақсы емес, біз Американың қауіпсіздігіне бекем болуға тиіспіз!"

“The Qazaq Times”