Қырғызстан кеден қызметінің жұмысын жақсартпаса, Қазақстан шекара бақылауын одан әрі күшейтеді – деді ҚР Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Әмрин журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Госман Әмрин журналистер алдында қазақ-қырғыз қарым-қатынасындағы жағдайларды түсіндіру барысында: «Біз Қырғызстан тарапына бұл мәселенің бір ғана шешу жолы бар екенін түсіндіргіміз келеді. Ол – бірлесіп жұмыс істеу. Бұл барлық кедергілерді жойып, ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер олар бізге ақпарат беруден бас тартатын болса, бізбен қосылып жұмыс істемейтін болса, онда Қазақстан тарапы шекара бақылауын әрі қарай да күшейтуге мәжбүр болады. Біз бұған дейін Қырғызстанмен екі ел арасындағы тауарлардың бағасы жайындағы ақпаратпен алмасуға келіскен болатынбыз. Біз оларға осы мәселеге байланысты құжаттарды жібердік, ал олар бізге құжаттарын әлі жіберген жоқ. Оның үстіне шекара дауына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған «Жол картасы» бағдарламасына да қол қойылған жоқ» - деген.
Естеріңізге салайық, қазан айының 10-ынан бері Қазақстанның Қырғызстанмен арадағы шекарасы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бес бірдей қырғыз сүт өндіруші компаниясына Қазақстан аумағына өнімдерін экспорттауға тыйым салынған. Көпшілік жұрт қазақ-қырғыз шекарасындағы дауды Қырғызстан кеден қызметінің дұрыс жұмыс істемей отыруымен немесе қырғыз сүт өнімдерінің санитарлық талаптарға сай еместігімен емес, Атамбаев пен Назарбаев текетіресімен байланыстырады. Қоғамда бұндай пікір қалыптасуына себепте жоқ емес. Өйткені бұған дейін Алмазбек Атамбаев Назарбаевты қатаң сынға алып, қазақ билігін «жемқорлар» деп айыптаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?