31 қазан күні Сауд Арабиясының үкіметі мәлімдеме жариялап, әлем елдеріне алғаш рет туристік виза беретіндерін айтты. Бұл мәлімдемені Сауд Арабиясының Ұлттық туризм және мәдени мұра комиссиясы таратты. Олар көп ұзамай аталған визалардың дайын болатынын жеткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Сауд Арабиясы бұл қадамды сауданы дамытып, шетелдік туристерді тарту мақсатында жасап отыр. Осыған дейін Сауд Арабиясы шетелдік саяхатшыларды елге кіргізуге рұқсат етпеген болатын. Бұған дейін шетелдіктер Мекке мен Мединаның қасиетті орындарына тек қажы ретінде кіруге рұқсат етілген. Сауд Арабиясы азаматтарына, кәсіпкерлеріне немесе агенттіктеріне ресми түрде шақырылуы керек болған.
Сауд Арабиясында туристерді қызықтыратын орындар өте көп. Мекке мен Медине қалаларынан басқа да жүзге жуық Араб пен ислам мәдениетінің тарихын айғақтайтын орындар, ескерткіштер, мешіттер мен өзге құрлыстар көп. Араб түбегіндегі қалыптасқан мәдениет пен өркениет ошағын өз көзімен көргісі келген саяхатшылардың бұған дейін жолы болмай келген еді. Десе де, мұсылман жұртшылығы қасиетті саналатын әл-Харам мешіті мен ондағы қағбаның қара тасын өзгелерге ашып беруіне өзгеше пікірде қарайтыны анық.