Ақ үйдің таратқан мәліметіне қарағанда, АҚШ президенті алдағы уақытта болатын Оңтүстік Корея сапары кезінде, Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы демилитаризацияланған аймаққа бармайтынын айтты. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты жазды.
Ақ үйдің бұл шешімді қабылдауын Ұлыбританияның «The Independent» басылымы Ақ үй өкілінің NBC арнасына берген сұхбатына сілтеме жасай отырып түсіндіреді. Аталған басылымның хабарына қарағанда, АҚШ-тың вице-президенті Бернс, қорғаныс министрі Меттис және мемлекеттік хатшы Тиллерсон қатарлы АҚШ-тың ең жоғары лауазымдылары екі ел шекарасындағы демилитаризацияланған аймаққа барған болатын. Сол тәжірибеден алып қарағанда АҚШ президентінің онда баруы оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қиындықтар туғызуы мүмкін екен.
АҚШ-тың бұдан бұрынғы бірнеше президенті Уашнигтонның Сеулге деген достық пейілін таныту үшін екі ел шекарасындағы бұл атаулы орынға барған еді. Бірақ Трамптың жағдайы оларға ұқсамайды. Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Унның арасындағы қайшылық тым күрделі. Демилитаризацияланған аймаққа Трамптың баруы өзінің бас амандығына қатер төндіріп қана қоймай, екі ел арасындағы дау-дамайды тіпті де өршітіп жіберуі мүмкін.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр