Ресей АҚШ-тың Сүриядағы Эр-Ракка қаласын "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымынан азат ету операциясы барысында жергілікті бейбіт тұрғындарды бомбылаудың астына алып, көп қазаға себепкер болғаны үшін кінәлады. Мәскеудің мәлімдемесінде Американың қаланы террористерден босату барысындағы әскери қимылдары "шаһарды жер бетінен жойып жіберуге шақ қалды" деп сипатталған. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Эр-Раккада жасалған фотосуреттер қаланың көп бөлігі үйінділерге айналып, тып-типыл қирағанын көрсетеді. Ресей бұл көріністі Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның Дрезден қаласының алған соққысына теңеді. БҰҰ-ның соғыс үстінде ,олған қылмыстарды зерттейтін мамандары Эр-Раккада өте көп бейбіт тұрғын көз жұмғанын хабарлады. Сүриялық белсенділер шамамен соғыста жан тапсырған 1130-1873 аралығындағы қала тұрғындарының басым көпшілігі Америка әуе күштерінің бомбылауына тап болғанын айтады.
Ресейден мәлімдеме жасаған Игорь Конашенко Батыстан Эр-Раккаға келетін көмеr олардың өз қылмыстарын жасыруға жасаған талпынысы деген пір білдірді. Эр-Раккадағы жеңілістен кейін ендігі күрес "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы Дайр-әз-Заур қаласы маңында жүріп жатыр.
Өткен жылы Алеппо қаласын бомбылау кезінде Ресейдің әуе күштеріне дәл осындай айып тағылған еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр