Монополияға қарсы орган 2017 жылғы 16 қазаннан көмір өндіруші компанияларға және көмір жеткізушілерге қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Монополияға қарсы орган көмір нарығындағы, оның ішінде оны жеткізу және Қазақстан өңірлерінде өткізуге қатысты жағдайды бақылайды.
Комитеттің мәліметінше, көмір нарығы субъектілерінің қызметіндегі бәсекелестікті қорғау туралы заңнамаға сәйкес, бірқатар өңірлердегі көмірдің жоғары сорттарының бағаларын тексеру қажет.
Ал егер осы заңнама бойынша монополиялық кіріс тәркiленген жағдайда шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) 3 %-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салынады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?