Ұлыбританияның Соты қыздар мен ұл балаларды бөліп оқытатын ислам мектебінің жұмысын заңсыз деп тапты. Ұлыбританияның Орталық бөлігінде, Бирмингамда орналасқан  Al-Hijrah мектебіне оқушыларды жаңашыл қоғамға дайындай алмай отыр деген айып тағылды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. 

Сот балаларды бөліп оқытуды дискриминацияның бір түрі деп бағалап, 2010 жылы қабылданған Теңдік туралы заңға қайшы келеді деген шешім шығарды. Енді оқушыларды жынысына қарай бөліп оқыту саясатын ұстанатын мектептер заңға бағынып, білім беру жүйесін өзгертпесе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Аталған шешім жоғарыда аталған мектептен бөлек, тағы 20 білім ордасына әсер етуі мүмкін.

Қыздар мен ұл балаларды бөліп оқытатын мектептерде олар сабақты жеке сыныптарда оқиды. Сабақтан тыс уақыттарда да бір-бірін кездестірмейді. Өйткені ойнайтын алаңшалар, спорттық залдар, кітапхана, дәліздерге дейін жеке салынған.

“The Qazaq Times”