Әлемдік ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, «Альф» (ALF) деп аталған кибершабуылшы Аустралияның (Австралия) қорғаныс мердігерінің компьютеріне басып кірген және АҚШ-тың заманауи қару-жарақ жүйесінің деректеріне төрт ай бойы шабуылдап келгені туралы хабарлады. Бұл туралы «WSJ» басылымы жазды.
Шабуылдаушы «admin, admin» және «guest», «guest» құпия сөздерінің қарапайым тіркесімін қолдана отырып, компания порталының әлсіздігін пайдаланып деректер қорына кірген. Әрі желі ішінде 4 ай бойы сақталған. Аустралия жақ бұл шабуылды «Alf's Mystery Happy Fun Time» деректерінің ағып кетуі деп атады. Альф болса – танымал «Үйде және түзде» (Home and Away) сериалындағы сәтті рөлдердің бірі.
Аустралиялық аға офицерлердің бірі сәрсенбі күні бұл оқиға туралы мәлімдеме жасады. Ол сөзінде бұл АҚШ-тың әскери және мемлекеттік құпия материалдарының өткен аптадан бері үшінші рет ұрлануы екенін атап өтті.
Сейсенбі күні Оңтүстік Корея үкіметінің ресми өкілі Солтүстік Корея хакерлері кибершабуыл арқылы Оңтүстік Кореяның әскери деректер базасынан материалдар алып кеткені туралы хабарлаған еді. Бұдан сырт, Ресей үкіметі үшін жұмыс істейтін хакерлер АҚШ-тың сыртқы компьютерлік желіге қалай кіргендігі туралы және өз желісін қорғау туралы мәліметтерді ұрлап кеткені де мәлім.
Аустралия үкіметі жағынан шабуылда хакерлердің идентификациясы мен аффилиирленуі жария етілмеді, бірақ Аустралия тарабы сараптай келе хакерлік топ шетелдік бір үкіметке қызмет ететін арнаулы топ деген қорытындыға келді. Шабуылдың мақсатын анықтаған шенеуніктер бұл шабуылды Қытай тарабынан келген болуы мүмкін деп қарайды.