Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея хакерлік шабуылдар арқылы Оңтүстік Кореяның әскери деректерін ұрлау ісі, үшінші бір тараптың киберқауіпсіздік бағдарламаларының араласуы арқылы жүзеге асқан. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлаған.
Солтүстік Корея хакерлік шабуыл арқылы Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен құпия әскери операциялар туралы деректі ұрлауы Оңтүстік Корея билігін таң қалдырды. Себебі, бұл әскери деректер ғаламтордан оқшауланған, тек қана әскери істерге пайдаланылатын желіде сақталған. Сондықтан, мұндай жүйе өзге елдің хакерлерінен қауіпсіз деп танылып келген.
Оңтүстік Кореяның бұл мәселеге жауапты өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Корея жабық әскери желіге шабуылдау үшін, ең алдымен Оңтүстік Кореядағы әскери компьютерлік антивирустық бағдарламалармен қамтамасыз етуші Hauri Inc. корпорациясына шабуылдап кірген. Бұл компания дайындаған киберқауіпсіздік бағдарламаларына ілесе отырып, Оңтүстік Кореяның маңызды әскери деректер базасына кіре алған. Солтүстік Кореяның кибершабуылдағы мұндай жетістігі АҚШ пен Оңтүстік Кореяны қорқытып тастады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр