Ирактың Жоғарғы Соты Күрдістан автономиясының тәуелсіздігі үшін референдум ұйымдастырған басшыларды жауапқа тарту туралы шешім шығарды. Осыдан екі апта бұрын Ирактағы Күрдістан автономиясы жеке дара мемлекет болуы үшін жалпыхалықтық референдум өткізіп, басым дауыспен жеңіске жеткен болатын. Енді Түркия мен Иранның тарапынан төнген қауіп пен Орталық билік қысымына ұшыраған автономияның басшыларын жазалау шарасы басталғаны туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Ирактың Премьер-министрі жетекшілік ететін Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Күрдістандағы референдумның ұйымдастыру комитетінің Хендрен Салех бастаған екі мүшесін тұтқындау туралы шешім қабылдады. Оларға Ирактың Конституциясына қайшы келетін референдумды Орталық биліктің қарсылығына қарамастан өткізген деген айып тағылып отыр.
Ирак сондай-ақ, Күрдістандағы мұнайлы аудандардың табысын есептеп, ірі кен орындары монополистерін жемқорлығы үшін жауапқа тартатынын хабарлады.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды