АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметінің өкілдері мәлімдегендей, Ресей әлемдік компьютер желілеріне сұғанақтық жасап отыр, әрі оған танымал антивирустық бағдарлама Касперскийді пайдаланады. Сол арқылы Ресей жақ АҚШ үкіметінің құжаттары мен құпия материалдарын ұрлауға тырысып келеді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Аталған антивирус бағдарламалық жасақтамасы Мәскеуде орналасқан «Касперский зертханасында» (AO Kaspersky Lab) дайындалады. Бұл бағдарламаның жұмыс тәртібі түсінікті – вирустар мен басқа да зиянды бағдарламаларды анықтау үшін бағдарламалық жасақтама орнатылған компьютерді үнемі сканерлейтін болады. Сол арқылы бағдарлама компьютерлік желілерден құпия материалдарды жинайды және АҚШ үкіметінің құпия «Мемлекеттік құпия құжаттарына» шабуылдап кіреді.
Осыдан бұрын АҚШ барлау агенттіктері ресейлік аталған компьтерлік бағдарламаны мемлекеттік мекемелерде қолдануға шектеу қойды. Сондай-ақ, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) құпия деректерін ұрлағаны үшін Құрама Штат көлемінде Касперискийдің қызметіне тосқауыл қойды. АҚШ үкіметінің ресми өкілдері Ресейдің Касперский бағдарламаларынан пайдаланып, көбінде АҚШ-ты нысанаға алған «ұрлық» жасайтынын ашық айтты.
Дегенмен, Касперский компаниясының атқарушылары бұл айтылғандарды теріске шығарып отыр.